Партияның қоғамдық қабылдауына төрт мыңдай өтініш түсті – Түркістан облысы

Партияның қоғамдық қабылдауына төрт мыңдай өтініш түсті – Түркістан облысы

Жыл басынан бері «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауына 4 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналасу және денсаулық сақтау мәселелеріне көмек сұрады. Мұндай мәліметтерді жергілікті партиялықтар «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловқа айтты. Өңірде ол жұмыс сапарымен жүр. Оралов ауыл тұрғындары мен әкімдерімен, мәдениет қайраткерлерімен және жастармен кездесіп үлгерді.

Асхат Оралов, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:

– Осыған дейін Түркістан облысында 72 ауылдық округте сайлау өтсе, соның ішінде сайланған әкімдердің 86%-і «AMANAT» партиясының кандидаттары. Бұл – партияға артылып отырған үлкен сенім. Тиісінше, бізге сайлауалды уәделерді сапалы орындау бойынша үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.