Шетелдік дипломаттар елордада өткен сенбілікке қатысты

Шетелдік дипломаттар елордада өткен сенбілікке қатысты
СІМ баспасөзі

Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері және ҚР СІМ қызметкерлері «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жыл сайынғы жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында ТМД, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің 40-тан астам елшілері болды.

Экологиялық іс-шара қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, табиғатты сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға бағытталған. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық саябақта сенбілікке қатысушылар 50 түп көшет отырғызды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша экологиялық акцияны Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының 160-тан астам қызметкері қолдады, олар Сыртқы істер министрлігі ғимаратының аумағы мен елорданың Желілік саябағында қоқыс жинап, 30 көшет отырғызды.