Ұлытаудан Ұлы далаға сапар

Ұлытаудан Ұлы далаға сапар

Қазақстанды жаяу аралауға шыққан саяхатшы Жаңаарқа ауданының тумасы Сәрсенбай Қотырашов Алматыға жетті.

72 жасатағы ақсақал Сарыарқадан Алатауға дейінгі 1700 шақырымды бір айдан астам уақытта еңсерген. Жол азабын жүрген білер.

Саяхатшының айтуынша, Жезқазған-Қызылорда бағытындағы күре жолмен жүру қиынға соққан. Күніне 40-50 шақырым жүргенде далаға қонған кездері болыпты. Бұл сапарға шығуды алты жыл бұрын жоспарлаған екен. Сәрсенбай Оспанұлы қазан айына дейін 8 мың шақырым жол жүруді көздейді. Мақсаты Ұлытау өңірінің тарихын насихаттап, елдегі ұсталар мен қолөнершілерді дәріптеп, тізімін жасау.

Сәрсенбай Қотырашов, ұста, саяхатшы:

- Қиыншылық тудырмайды. Себебі адамның өзінің алған бағыты болса, мақсаты болса, Алла қуат беріп тұрғанда, халық қолдап тұрғанда адам ширайды екен. Төселеді, үйренеді, жаттығады. Халық қолдап тұрғанда қалай мен шаршаймын.