Алматылық спортшы жастар референдумды қолдайды

Қазақтың спорт және туризм академиясының студенттері Ата заңға енгізілетін өзгерістерді құптайды. «Ең бастысысы референдум әділетті әрі ашық болуы қажет»,-дейді жастар. Бүгін – қалалық мәслихат депутаттары академия студенттерімен кездесіп, референдумның өту тәртібі мен ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы алматылық жастар алдағы саяси науқан жайында ақпаратпен жан-жақты танысып жатыр. Оған қатысуға белсенділік танытып отырғаны байқалады.  Қазір осы оқу ордасында  2 мыңнан астам студент білім алады.

Мұхтар Есқалиев, Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт одағының вице-президенті:

Атап айтар болсақ, қазір мемлекеттің басқару жүйесіндегі өзгерістерді жастар қуана қарсы алып жатыр. Сол сияқты мемлекетіміздің жері мен жер қойнауы байлықтарының Қазақстан халқына тиесілі екендігі. Сол сияқты сайлау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер, Есеп комитетіндегі аудиторлық палатаға ауыстырылуы осыныңбарлығын жастар жақсы қабылдап жатыр.