Адвокат: А.Тұрлыбайдың жазасы қайта қарастырылуы мүмкін

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартылғаны жайлы ақпар ескірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Хабар 24» телеарна тілшісінің сұрауына Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов айтты. Ол Қытай Әділет министрлігінің жауабы 2021 жылы берілгенін айтып, оның Қытайдан Қазақстанға беру алгоритіміне тоқталып өтті. Қорғаушының айтуынша, азаматшамызды экстрадициялауға өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасының белгілі мерзімге кесілетін жазаға ауыстырылуы ықпал етеді. Бұл биыл болуы мүмкін. Адвокат процедураның басты бөлігі ретінді Бас прокуратураға экстрадициялау жөнінде өтінішті 2016 жылы берген. 2019 жылы қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары барысында мәселені шешуге қолдау білдіруді сұраған. Жалпы Қазақстан мен Қытай арасында сотталған адамдарды бір-біріне беру туралы келісімшартқа 2015 жылы қол қойылған. Қазақстан тарапы Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан үмітін үзген емес. Еске сала кетейік, Ақжарқын 8 жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында есірткіні тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын.