«Қазақстан халқына» қоры мүгедек балаларды қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді

«Қазақстан халқына» қоры тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мүмкіндігі шектеулі балаларға протездер мен экзоскелеттер сатып алуға қаражат бөледі. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде техникалық оңалту құралдарына мұқтаж ата-аналардан  300-ден астам өтініш келіп түкен. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 13 экзоскелет шығару жоспарланып отыр. Оның төртеуі үшін өлшемдер алынып, өндіріс процесі іске қосылды.  Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасылардан шыққан немесе жетім балаларға жоғары оқу орындарынан 360 грант бөлінеді.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы:

- Грант беру бағдарламасы іске қосылды.  Қор ауыл мектептерінің түлектеріне, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, жетім және  мүгедек балаларға көмектесетін жоғары білім беру ұйымдарына 360 грант бөледі. Бағдарламаға Қазақстанның барлық өңірінен талапкерлер мен студенттер қатыса алады. 360 гранттың 258-і Жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру  ұйымдары іріктеген талапкерлерге, ал Қалған 102 грант Қор ұсынған критерийлерге сәйкес іріктелетін білім алып жатқан студенттерге беріледі.