Ақтауда контейнерлік хаб құрылады

Ақтауда контейнерлік хаб құрылады

Ақтау мен Құрық порттары базасында контейнерлік хаб құрылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы арқылы Каспий теңізінің әлеуетін толық пайдалану көзделеді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Жыл басынан бері Ақтау, Құрық және Солтүстік терминал порттары арқылы жүктерді ауыстырып-тиеу 11%-ке өскен, фидерлік жүктерді ауыстырып тиеу 12,5 мың контейнерлік бірлікке жетті.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

– Теңіз арқылы жөнелтілетін жүктердің көлемі және құрамы да өсіп жатыр.

Атап айтсақ, ауыстырып тиеу көлемі 2,6 млн тоннаны құрап, 11 процент өсімді көрсетті. Ал контейнерлерді тиеу 5,8 процент өсімді көрсетті.