Елімізде медициналық анықтама беретін мекемелердің қызметі тарифтен қымбат

Елімізде медициналық анықтама беретін мекемелердің қызметі тарифтен қымбат

Ақтөбеде болашақ жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін мекеменің рұқсат қағазы болмай шықты. Қызмет бағасы да нарықтағы өзге емханалардан әлдеқайда қымбат.

Бұл туралы Ақтөбе қаласының Алматы аудандық прокуратурасы өкілдері мәлімдеді.

Айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында медициналық тексеріс жасайтын түркістандық компания лицензияға санитарлық қосымша алмаған. Осылайша заң талабы орындалмапты.

Есет Әзімов, Алматы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры:

- Заң бойынша лицензияға қосымша болуы керек. Облыс аумағында лицензияға қосымшаны алу керек. Біздер аталған дерек бойынша өкілетті органға заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгіздік. Тиісті шаралар қолданылатын болады.

Бұдан бөлек прокурорлар қызмет көрсету құны да әлдеқайда қымбат дейді. Денсаулық сақтау министрлігі наркологтың қабылдауы мен сараптама қорытындысына 1015 теңге көлемінде тариф бекіткеніне қарамастан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 5 мың теңге төлеуге тура келеді.

Омар Есетов, медициналық қызмет көрсетуші мекеме жетекшісі:

- Қай-қай поликлиникаға барсаңыз да наркологқа кіру үшін 3 мың, 2 жарым мың, 2 мың теңге бағалары осмотр жасауға. Психиатр да сол. Сосын біз мында бес мың теңге болып тұрған себебі жалпы общий медостмотр 3 мың теңге, оның ішіне нарколог-психиатрды кіргізбеген жағдайда 3 мың теңге болады. Ал егер нарколог психиатрды кіргізетін болсақ, ол общий 8 мың теңге болады.

- Неліктен бес мың деп бекітілді. Соны айтыңызшы?

- Оны басшылар солай бекітті.