Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша 47-орында тұр

Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша 47-орында тұр

Қазақстан қылмыс деңгейі рейтингінде 142 елдің ішінде 47-орында тұр. Мұны Finprom.kz сайты жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан рейтингте көш бастап тұр. ТМД елдері ішінде Беларусь 32-орын, Қырғызстан 36-орынға жайғасыпты. Азаматтардың қорғалу жағдайы бойынша Әзербайжан мен Өзбекстан елімізден кейін орналасты. Әлемдегі ең қылмысы аз ел – Қатар. Қазір Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендемей тұр. Биыл 87 мың құқық бұзушылық тіркелген. Басым бөлігі Алматыда анықталды. Сосын елорда мен Батыс Қазақстан облысы тұр.