Егін ору науқаны еліміздің барлық аймағында басталды

Егін жинау науқаны елдің барлық өңірінде басталды. Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметіне қарағанда дән себілген даланың 13,9 процентіне орақ түсті.

Диқандар 3,3 миллион тонна астықты қамбаға басты. Жиын терім науқанында шаруаларға 423,5 мың тонна жанар жағармай арзандатылған бағамен бөлінген. Оларды өңірлерге бөлу кестесі бекітілген. Ведомства басшысының айтуынша шаруаларға жанармай нарықтағы бағадан 15-20 процент арзан беріліп жатыр. Премьер –министр Әлихан Смайылов жанар жағармайдың бағасын бақылау және тапшылығына жол бермеу үшін арнайы комиссия құруды тапсырды. Сондай-ақ астықты тасымалдау, сақтау бойынша да жауапты минстрліктер мен компанияларға міндеттер жүктеді.