Павлодарда бағбандар қарбыздың 40 түрін өсірді

Аққулы ауданы қарбыздың отаны атанып кеткен.  Биыл өңір шаруалары екі мың гектарға қарбыздың түр-түрін еккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде 20-ден астам шаруашылық өнім жинау науқанын аяқтауға жақын. Мол өнім алу үшін тиімді әдістерді қолданған.

Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкімі:

– Бұрын көктемде еіп, жауын жауып, сол жауыннан кейін алдық біз өнімді. Қазір біздің дихандар тамшылап суару суарғанның арқасында өнімдерін ертерек алып, жақсы нәтижелерін көрсетіп жатыр. облыс орталығының тұрғындары да өніміміздің дәмін ертерек татты. Одан басқа республикаға да өнімдерін сатып жатыр.

Тәжірбиелі бағбан Қайрат Шапуов – биыл өнімдің 40-тан астам сұрыбын өсірген. Олардың сегізі – элиталы. Шаруаның қарбызды өсіріп-баптаудың өз әдісі бар. Бірақ, бұл – коммерциялық құпия.

Қайрат Шапуов, шаруа:

«Қара ханзада» тұқымын сонау Кубаньнан алдық. Қарбыздың бұл түрін ТМД елдері ішінде біз ғана егеміз. Бұдан басқа эксклюзивті сұрыптарын өсіреміз. Сары, тоқсары, жасыл түсті қарбыздар да бар. Екі сұрыпты өзіміз шығардық. Бүгінде сұраныс жоғары. Өнімдеріміз экологиялық таза. Ешқандай химиикаттарды пайдаланбаймыз.

Тамшылатып суару әдісінің арқасында тәтті жидек ерте пісіп, тұтынушыларға ұсынылып жатыр. Қарбызға деген сұраныстың жоғары болғаны соншалық, аймақта жыл сайын фестиваль ұйымдастырылады. Фестивальге мыңға жуық халық жиналды. Келушілерге бес тоннаға жуық қарбыз ұсынылды. Экзотикалық сұрыптың дәмін ттақандардың ішінде АҚШ студенттері де бар.

Амили Рен, АҚШ азаматы:

– Қарбыз фестиваліне бірінші рет келуім. Шара көңілімнен шықты, қуанышымда шек жоқ. Әсіресе, сары қарбыз ұнады. Дәмі тіл үйіреді. Осындай жидекті бұрын-соңды көрмеппін.

Аққулы ауданының қарбыздары елімізде ғана емес, көршілес елдерде да танымал. Болжам бойынша осы жылы 80 мың тонна өнім алынбақ. Оның 30 проценті Ресейге жөнелтіледі.

Авторлары: Ақмарал Есімханова және Жеңіс Темірболат