Өскеменді қою тұман басты

Өскеменді қою тұман басты

Өскеменде тұман сейілер емес. Күрделі метеорологиялық жағдайды экологтар желдің жоқтығымен байланыстырады, деп хабарлайды «хабар 24».

Сондықтан тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес беріп отыр. Облыстық экология департаментінің мәлімдеуінше, шаһардың кей аудандарында ауадағы күкірд диоксидінің мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен. Осыған орай, қазір жергілікті кәсіпорындар өндірістік қуатын 20 процентке азайтты. Ал жекелеген металлургиялық зауыттар жұмысын уақытша тоқтатқан. Қазір табиғат жанашырлары өнеркәсіп алаңдарын тәулік бойы күзетіп, қоршаған ортаға таралып жатқан зиянды заттар концентарциясын анықтап жатыр.

Рауан Тұраров, ШҚО бас экология инспекторы:

– ПДК-дас асу фактілері бізде қысқа мерзімде болған. Былай айтқанда 40 минут, 20 минут төңірегінде болған ауытқулар. Қалған күндері өзінің шекті концентрациясынан аспаған. Неше түрлі себеп болуы мүмкін. Біріншіден ол осы өндірістік промзонадан желмен ластаушы заттардың келуі сол бақылау пункітіне немесе сол бақылау пункітінің маңында автокөліктердің жұмысының нәтижесінде болуы мүмкін