Елімізде астықтың 86% орылды

Елдегі астықты алқаптардың 86 пайызы орылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы министрілігінің дерегі бойынша 13,9 млн гектар жерден дәнді және дәнді бұршақты дақылдар жиналған. Астықтың орташа түсімі гектарына 12 жарым центнерден айналды. Жалпы бүгінгі күнге дейін 17 млн тонна астық бастырылған. Мұның сыртында ел бойынша 363 мың майлы дақыл, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналған.