Павлодарда медициналық ұйымдар тұмауға қарсы вакциналауға дайындалып жатыр

Павлодарда медициналық ұйымдар тұмауға қарсы вакциналауға дайындалып жатыр

Ертіс өңірінің медициналық ұйымдары тұмау мен жіті респираторлық ауруларға қарсы вакциналау науқанына дайындалып жатыр.

Мамандардың пайымдауынша, жұқпалы аурулар бойынша эпид-ахуал желтоқсан айында ұшығуы мүмкін. Сондықтан, қазірден бастап иммундау шараларын бастау қажет. Бір айлық иммундау шараларын жүргізуге 90 мың доза сатылып алынады. Жаппай вакциналаумен егде жастағы азаматтар, медицина саласының мамандары, 18 жасқа дейінгі балалар, созылмалы ауруларға шалдыққан, тұрғындар қамтылмақ. Сонымен қатар препарат жүкті әйелдерге салынады. Бұл санаттағы азаматтарға медициналық қызмет, тегін көрсетіледі. Дәрігерлер коронавирустық инфекция жұқтырғандарға вакцина алмауға кеңес береді.

Гүлмира Құлмағамбетова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Биылғы эпидмаусымда тұмаудың Н1N2 және В штаммы тарайды деп күтілуде. Бізде эпидмаусым басталған жоқ. Ал көршілес елдерде қазірдің өзінде бұл екі штамм тіркеліп жатыр. Патогенді қауіп жоқ, бірақ жұқпалы аурудың алдын алған жөн.