Республика күніне орай 100-ден астам шара өтеді – Жетісу облысы

Республика күніне орай 100-ден астам шара өтеді – Жетісу облысы

Мерекені атап өту тұжырымдамасына сәйкес облыс орталығы Талдықорған мен барлық аудан, қалаларда мәдени-көпшілік шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаратал ауданынында 30 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілсе, Көксу, Ескелді, Алакөл аудандарында ауылдық фелдьшерлік медициналық пункттер іске қосылады. Ал Сарқан ауданында саябақ пен халыққа қызмет көрсету орталығы цифрлық кеңсесінің салтанатты ашылуы болады. 

Болат Керімбек, Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы:

– Негізгі іс-шаралардың бірі – «Қыран елім – Қазақстаным!» деген әнұранды жаппай орындау шаралары. Ол, әсіресе, жастар арасында, оқушылар арасында өтеді. Содан кейін негізгі іс шараның бірі ол мемлекеттік туды көтеру іс-шарасы. Сонымен қоса, 25 қазан күні «Жетісу» марафоны өтеді. Бұл спорттық іс-шара. Көксу ауданында 4 елді мекен қатарынан газға қосылады осы мереке қарсаңында. Осындай түрлі шаралар өтеді маңызды.