Қарағанды зообағының құстары жаңа ғимаратқа көшірілді

Енді құстар кең жарық әрі жылы жерде, жеке тұратын болады.

Қазір зообақта әлемде сирек кездесетін 80-нен астам қанатты мекен етеді. Жалпы мұнда 100-ден астам құстың түрі бар екен. 20-дан астамы суыққа төзімді дейді мамандар.  

Ербол Байжанов, Қарағанды зообағының ғылыми қызметкері:

- Бұрын бұл құстарымыз басқа жануарлармен бірге тұратын. Оның ішінде маймылдар, бегемот бар, балықтар бар, қосмекенділер бар. Оның ішінде иіс болатын өзінше. Бір-біріне әсер ететін, стресс болатын құстарға. Ендігі таңда оларға кең, жарық, жылуы мен суы бар, вентиляциясы бар.