Атырау облысында зейнеткерлер шипажайға тегін жолдама алды
Атырау облысында 100 зейнеткер шипажайға тегін жолдама алды.
Республика күні қарсаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен мұнай компаниясы, сондай-ақ шипажай үш жақты келісім-шартқа қол қойды. Қазір зейнеткерлердің тізімі жасалып жатыр. Олар жолдама аясында балшықпен және парафинмен емделіп, минералды ванна, физиотерапия, емдік массаж және галотерапия процедураларынан өтеді. Сондай-ақ төрт мезгіл тамақ пен стандартты бөлме қарастырылған.
Азамат Мәмбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және ӘБ басқармасының басшысы:
- Атырау облысының жалғызбасты қарттарына және облыстың ардагерлеріне, 100 адамға “Атырау Санаторийіне” тегін жолдама ұсынып беріп отыр. Өздеріңіз көрдіңіздер, үш тарап келісім-шартқа қол қойып, рәсім өтті. Енді қараша айынан бастап аталған категориядағы біздің қарттарымыз санаторияда емін алуға толық мүмкіндігі бар.