Есіл өзенінің түбін тазарту жұмыстары жүріп жатыр

Есіл өзенінің түбіне 1,5 млн шаршы метрдей лай-қоқыс жиналған.

Мұны арнайы зерттеу жұмыстары көрсетті. Осыған байланысты қазір өзенді тазарту жұмыстары басталып кетті. Оның аясында алдымен Есілдің қазіргі жай-күйін тексеріліп, су түбінде тұнба шөгінділерінің деңгейі және өзен тереңдігі айқындалады. Тазалау жұмыстары жүрмеген жағдайда өзендердің тартылып қалу қаупі бар дейді мамандар. Зерттеу барысында Есіл өзенінің түбінде көлік дөңгелектері, сол сияқты өзге де ірі көлемді қалдықтар табылды. Осыған байланысты қала тұрғындары қоршаған ортаға асқан жауапкершілікпен қарауы қажет.

Есенәлі Өскенбеков, гидролог: