Халықтық коалиция белсенділері ардагерлерді республика күнімен құттықтады

Халықтық коалиция белсенділері Мәскеу, Сталинград, Минск маңындағы шайқастарға қатысқан 100 жастағы соғыс ардагері – Мұсахан Бердібаевтың үйіне арнайы барып, ақсақалды республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тараз қалалық қоғамдық штабының жетекшісі Уәлихан Байдуанов хабарлады.

Ал, кандидаттың Қарағандыдағы өңірлік штабының мүшелері облыстың құрметті ардагерлерлері – Григорий Презент пен Нұрсахан Бейсенбекованы ұлттық мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тіледі.