«Қазавтожол ҰК» биылғы қысқа ерте қамданды

Қыркүйектен бастап әзірлікті күшейтті. Өйткені өткен қыс оңай тиген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, елдің шығысында қаңтардан наурызға дейін  60 рет дауылды ескерту жарияланды. Сондықтан  қазір жұмысшылардың да, техниканың да дайындығы жоғары.

Дастан Тоқтыбаев, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалы 30-жол пайдалану учаскесінің  бастығы:

- Қазіргі уақытта қысқы күтім жұмысына ерте кірістік. Техника 100% дайын. Облыс бойынша 160 техника дайын, қосымша 65 жалдамалы техника алуға дайын, республика бойынша оның көрсеткішін 2 мыңға жеткізу көзделген.

Алғашқы қарлы боран көп күттірмеді. Бүгін  қыстан хабар бергендей күн райы күрт бұзылды. Жол қызметінде  қазір 7 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал және 980 тонна құм тұр. Барлығы трассалардағы қауіпсіздікті сақтау үшін жинақталған.

- Жол жөндеушілердің жұмысы жақсы, қашан да жол ашық, ешқашан жолда қалып көрмеппіз, әрқашан өзім осылай күндіз түні жолда жүремін қашан көрсең жол техникалары жолда.

- Қыс енді басталып келе жатыр, енді мен өзім осы жолмен анда санда жүрем, адам тасимын ойлаймын барлығы жақсы болады деп.

Ел бойынша 125 жылыту пункті күрделі жөндеуен өтті. Сонымен қатар 50 мың погонды метрден астам қар ұстау қалқандары да ретке келтірілді. сқы маусымға жол қызметі де, жолаушылар да үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс. Өйткені  өткен  қыста 700-ден астам көлік қардан аршылып, жолға салынған. Барлығында  жүргізушілер дауылды ескертуді біле тұра, сапардан бас тартпаған. Сондықтан мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы жайлы хабарламаға құлақ түріп, жолда сақтықты күшейтуге шақырады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин