Маңғыстау облысындағы «Қошқар ата» қалдық қоймасының 336 гектар аумағы қайта өңделеді
Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері осылай дейді.
Жауаптылардың айтуынша, соңғы 2 жылда 266 гектар жер рекультивацияланған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ 88,2 гектарға қара сексеуіл егілді. Бұл жұмыстар қазір де жалғасып жатыр.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы былтыр Ақтауға барған кезінде Үкімет пен аймақ әкімдігіне радиоактивті қалдықтар қоймасын толық залалсыздандыруды 3 жылда аяқтауды тапсырған болатын.
Есенқос Әділбаев, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
- Экология министрлігіне жергілікті атқарушы орган ретінде біз ұсыныс бердік: 2-кезеңін алдағы уақытта қарау бойынша. Шамамен 400 мың қара сексеуіл отырғызу жоспарланған. Ол 4 нысанға бөлінеді. Әр нысанда 40 гектардан. Соның ішінде 100 мың түп қара сексеуіл егілуі тиіс. Бұл жұмыстарды қазір бастап кеттік.