СҚО-да мегаферма іске қосылды

СҚО-да мегаферма іске қосылды

Берёзовка ауылында салынған заманауи кешен 2 мыңға жуық асылтұқымды ірі қараға арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны – 4 жарым млрд теңге. Енді шалғайдағы елдімекенде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Өңірдегі ең ірі фермалардың бірінде жылына 9 мың тонна сүт өндіріледі деген жоспар бар. Ауыл шаруашылығы кешені озық қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 17 тауарлы сүт фермасы салынып жатыр. 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Республикадағы сүт өнімдерінің барлығын есептесек, 25%-і бүгінгі СҚО жерінде шығарылады. 25%-і. Бұл аз емес. Біз бұны 30%-ке дейін жеткізуге жоспарлап отырмыз. Жалпы биыл сүт көлемі 670 мың тоннаға дейін жетпек.