Астанада әйелдерге арналған саяси тренинг өтті

Қазақстанның саяси аренасында әйел адамдар тым аз. Біріккен ұлттар ұйымы мамандарының пікірі осыған саяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті бүгін бірлестік өкілдері саясатқа араласқысы келетін қазақстандық әйелдерге арнайы тренинг өткізе бастады. Болашақта депутат немесе министр болғысы келетін 20 шақты азаматша Астанаға жиналды. Оларға білікті мамандар дәріс оқып, саяси бағдарлама әзірлеудің қыр-сырын үйретіп жатыр. Қатысушылар 5 күнге жалғасатын шара аясында ел басқару тетіктерін, меңгереді деп көзделген.

Мария Доценко «БҰҰ әйелдер» құрылымының өкілі

Өкінішке қарай, Қазақстан үкіметінде жұмыс істеп жүрген әйелдердің үлесі 4-ақ процентке тең. Мәжіліс депутаттарының 27, ал сенаторлардың 18 проценті ғана әйелдер.Облыс әкімдері арасында нәзік жандылар мүлдем жоқ. Қала мен ауідан әкімдері арасында бұл көрсеткіш 1 жарым процентті құрайды. Біздің ойымызша, қалыптасқан жағдайды реттеу керек. Келесі парламенттік сайлауға бұрынғыдан әлдеқайда көп әйел қатысады деген үміт бар.