ШҚО-лықтардың жедел медициналық жәрдем қызметіне көңілі толмайды

ШҚО-лықтардың жедел медициналық жәрдем қызметіне көңілі толмайды

Шығыс Қазақстандағы тілшілеріміз  ауылдықтардың жедел-жәрдем қызметіне көңілі толмайтынын айтқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Журналистер шалғайдағы ағайынның бұл қызметтің бір орталықтан басқарылатынына  қарсы  екенін жеткізді.

Тұрғындардың сөзінше,  шақырту алдымен Өскеменге,  содан соң ғана аудан мен  ауылға түседі.  Бұл аралықта уақыт жоғалтамыз,-дейді олар.

Кей жағдайда орталықтан берілген мәліметтен қате кетіп,  көмек кешігіп жетеді екен. Салдарынан Алтай ауданында дәрігерлер жеткенше жас келіншек көз жұмды. Бұл сауал сала басшысына да жетті.

Өңірге келген  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният енді әр облыс жедел жәрдем қызметін ұйымдастыру тәсілін өздері таңдай алатынын айтты.  Яғни диспечетчерлік қабылдау орталығын ыңғайлы жерге орналастыруға болады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Өңірлердің жағдайына байланысты ауылдардың аудандардың қаланың арасы, арақашықтығына байланысты жедел жәрдем қызметін аудандық деңгейге беруге болатыны жөнінде бұйрықтың қазір жобасы әзірленіп, Әділет министрлігіне жіберілетін болады.