Абай облысында 65 ауылда жаңа емхана салу жоспарланып отыр

Абай облысында 65 ауылда жаңа емхана салу жоспарланып отыр

Абай облысындағы 300-ге жуық медициналық мекеменің 69%-і тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Семейде өңір жұртшылығымен кездесуде осылай деді. Елдің бас дәрігерінің айтуынша, «Ауылдық денсаулықты сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында 655 елдімекенде заманауи дәрігерлік амбулаториялар бой көтереді. Республикалық бюджет есебінен тұрғызылатын ғимараттарда әсіресе оңалту шараларына жіті көңіл бөлінбек.

Ажар Ғиният, Денсаулық сақтау министрі:

- Қазіргі медициналық пункттерге қарағанда басқаша болады. Физиотерапиялық кабинет салынады. Оңалту мәселесімен жылына бір рет емес, үнемі айналысу керек. Сондықтан ол жерде оқытылған медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Яғни, әрбір хроникалық ауруға оңалту жұмысы жүргізіледі.