Түркі елдері өзара логистиканы дамытады

Ортақ инвестициялық қор құрылады. Білім, спорт, мәдениет, IT, сауда экономика саласында ынтымақтастықты арттырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мәселелерді талқылау үшін бүгін түбі бір Түркі елдерінің басшылары Самарқандта бас қосты. Ортақ шешім шығарып, бірнеше құжатқа қол қойды.

Жібек жолының жауһары атанған Самарқанд кейінгі екі айда екінші халықаралық самитті қабылдап отыр. Алғашқысының ауқымы үлкен болғанымен, бұл жолғы жиынның жөні бөлек. Өйткені бауырлас елдердің басшылары бас қосады. Оның үстіне бұл 12 жыл бойы кеңес атанып келіп, былтыр ғана Стамбұлда ұйым мәртебесін алған Түркі мемлекеттері басшыларының алғашқы самитті.

Жаңа форматтағы жиынға ұйымға мүше бес мемлекеттің басшысы  және бақылаушы екі елдің өкілі келді. Өзбек бпрезиденті бауырлас әріптестерін Конгресс орталықта жылы қарсы алып, бірлескен фото жасады.

Кейін дөңгелек үстел басына отырып, туыс елдердің тұтастығын нығайтып, ынмақтастығын арттыру мәселелерін талқылауға кірісті.

 «Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық рөлі артып келеді. Мұнда 170 миллиондай адам тұрады. Жиынтық жалпы ішкі өнім $1,2 трлн доллар.  Ал сыртқы сауда айналымы $1 трлн асады. Осындай маңызды ұйымға Қазақстанның қосқан үлесі зор. Біздің ел ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Түркі Академиясының құрылуына және «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатының қабылдануына ұйытқы болған. Түркі әлемінің «Атажұрты» ретіндеәлі де игі бастамалар көтере бермек. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз өңірлік және жаһандық мәселелерді шешуге белсене атсалысып, қуатты күшке айналуымыз керек» деді.

Осы бағатта барлық тарапқа тиімді бірнеше ұсыныс жасады. Көлік-логистика саласын дамыту. Шекара бекеттерін жаңғырту, «цифрлық көлік жүйесін» қалыптастыру жайында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз көлік-логистика саласына ерекше мән береміз. Соңғы 15 жылда Қазақстан осы саланы дамытуға 35 миллиард доллар қаржы бөлді. Біз көлік бағдарын көбейтуге және логистиканы өзара ықпалдастыруға мүдделіміз. Сол үшін 2025 жылға дейін тағы 20 миллиард доллар инвестиция тартуды көздеп отырмыз. Түркітілдес халықтардың құрлық ішіндегі көлік-транзит дәліздерін дамытуы айрықша маңызды. Бұл ретте, сіздерді осы бағдарды барынша пайдалануға шақырамын.

ТОҚАЕВ ТҮРКІЛЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

Қазір көптеген ел технологясымен бөліспей оқшауланып отыр. Осы тұста Түркі мемлекеттері тізе қосып, Ай-Ти саласына тың серпін беруі керек. Оған қажетті адам да алаң да бар. Енді амал жасау қалып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның цифрлық орталығын құрып, стартап жобаларды қаржыландыратын венчурлық қор жасақтақтаудың маңызын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жуырда Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық іс-шара өтті. Онда ІТ-саласында жұмыс істейтін креативті жастарымыз бас қосып, бастамалары мен озық идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, мемлекеттеріміздің IT-хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды» Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде түркі мемлекетттері ұйымының цифрландыру орталығын құруды ұсынамын.

ТОҚАЕВ: «ТҮРКІ ЖАСЫЛ ҚАРЖЫ КЕҢЕСІН» ҚҰРУ КЕРЕК

Әлем бет алған жаңа бағыттың бірі «жасыл экономика». Кейінгі жеті жылда «жасыл» облигациялардың құны 2,5 триллион доллардан асты. Осылай деген президен бұл салада ұйымның капитал нарығын дамыту қажеттігіне тоталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл саладағы капитал нарығын дамыту үшін «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынамын. Оны «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болар еді. Бүгінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі компаниялар арасында танымал болып, жоғары деңгейде мойындалды. Ол жаңа Кеңестің Хатшылығы қызметін атқара алады.

ҰЙЫМ АЯСЫНДА ЦИФРЛЫҚ КІТАПХАНА ҚҰРЫЛАДЫ

Бауырлас халықтарды жақындастырып, әлемге танытудың тағы бір жолы Бұқаралық Ақпарат саласындағы ынтымақтастық. Ол үшін тарихи және тілдік деректерді жүйелеу керек. Президент Түркі халықтарының ортақ жазба мұрасын зерттеуге арналған «жол картасын» жасауды, ұйымның «Цифрлық кітапханасын» құруды ұсынды. Сосын ғылым мен білімде бірлесуге шақырды. Ол үшін әрине жастар арасында достық қатынас қалыптасуы керек. Сол үшін  Қазақстан келер жылы ІІ Түркі универсиадасын ұйымдастырмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасында мәдениетаралық диалог орнатуға жағдай жасауымыз керек. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет. Сондықтан, 2023 жылы Түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұл бастама студенттеріміздің түркі тілдерін үйреніп, бауырлас елдердің тыныс-тіршілігімен танысуына жол ашады.

ЕРДОҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОР ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

Түркі елдерінің тұтастығын Режеп Тайып Ердоған да қолдайды. Түркия президенті бауырлас мемлекеттердің арасында сауда экономикалық, энергетикалық салаларың мүмкіндігі мол екенін атады. Бірлескен жобаларды жалғастыру үшін инвестициялық қор құруды ұсынды. Содайа-ақ заңсыз көші-қон мен күресті күшейтіп, ұйым аумағын кеңейте түсу маңызды деді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:

- Көп уақыт созбай Түркі мемлекеттері ұйымының аясында инвестициялық қор құруды ұсынамын. Ол біздің бірлескен жобаларымызды дер кезінде жүзеге асыруға септігін тигізеді. Біздің елдеріміз стратегиялық маңызды дәліз бойында орналасқан. Осы мүкіндікті тиімді байдалану керек.

ТОҚАЕВ: ЕЛДЕРДІҢ АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫН ҚОЛДАЙМЫЗ

Бұл ұйымның өзгелерден артықшылығы мүше мемлекеттердің түбі бір. Бұдан өзге ерекшелігі және бар. Мұнда НАТО мен Еуроодаққа және ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымы мен Шаңхай ынтымықтастық ұйымына мүше мемлекеттер қосылған.  Бұл Еуразия құрлығында өзара балансты сақтауға ықпал етеді. Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстанның басты ұстанымын атап өтті. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Бұл сөздер Кипірге бақылаушы мртебесін беру ұсынысына қатысты айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын біржолата қолдайды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды қажет деп есептейді. Бұл – еліміздің негізгі мүддесіне толығымен сай келетін қажетті қағидат. Сондықтан бұл қағидатқа басымдық ретінде баса назар аударамыз.

Жиын аяқтан ұйымның тұрып, қалыптасуына қосқан үлесі үшін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Түркіменстан халық Маслахаты Милли Генгешінің төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовке «Түркі әлемінің ең жоғарғы ордені» берілді.

ТҮРКІ ҰЙЫМЫНА ӨЗБЕКСТАН ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТЕДІ

Ал саммит қорытындысы бойынша Самарқанд декларациясы қабылданып, Түркі инвестициялық қорын құру туралы шешім шықты. Сондай-ақ Ұйымның бас хатшысы Бағдат Әміреевтің орнына Қырғызстандық Қуанышбек Әмірәлиев сайланды. Ал төрағалық Түркиядан Өзбекстанға өтті.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ербол Дайыров Айдос Омарғалиев, Дулат Ентебеков