Аршалыда қазандықтың жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты

Ақмола облысында бірнеше күн бұрын мектептегі жылу қазандығының жарылысынан зардап шеккен екі жұмысшы әлі ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы бірқалыпты. Нақтырақ айтсақ, 1983 жылы туған азаматтың халі орташа ауыр деп бағаланса, 32 жастағы жұмысшының денсаулығы жақсарып келеді, дейді мамандар. Ал үшінші от жағушы жұма күні түнде ауыр жарақатынан көз жұмған болатын.