Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға ашық есік күні ұйымдастырылды

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Шара барысында оларды жұмыспен қамту орталығының, құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау жəне  өзге де салалардың мамандары жеке  қабылдап, əр түрлі мəселе бойынша кеңес берді. Қамқорлыққа зəру жандардың көбін жұмысқа орналасу, баспанамен қамту, дəрі-дәрмек тапшылығы, оңалту шаралары, мүгедектікке шығу мен әлеуметтік төлемдерді алу мəселелері толғандырады. Аймақта 24 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады.

Есенғали Өтегенов, қала тұрғыны:

- Үш балам бар кәмелеттік жасқа толмаған, мына жәрдемақы өте азғантай, жетпейді, ипотекам бар төлейтін. Әрине мұндай шаралар өте керек, біздің мүмкіндігі шектеулі жандардың сұрақтары өте көп мемлекеттік мекемелерге.