Оралда 30 мыңға жуық адам салықтан жалтарды

Оралда 30 мыңға жуық адам салықтан жалтарды

Оралда отыз мыңдай тұрғын салықтан жалтарғандар санатында жүр.

Берешек қарыздың көлемі 371 миллион теңгеден асқан. Оның басым бөлігі көлік құралдарына қатысты қарыз. Салық органының қызметкерлері полициямен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп қарызға белшеден батқандарды анықтауға кірісті. Рейд барысында салығы төленбеген көліктер тоқтатылып, айып тұрағына қойылды. Өңір тұрғындары өзінің берешегі туралы мәліметті E-SalykAzamat қосымшасы арқылы анықтап, кез келген банк арқылы төлем жасай алады,- дейді мамандар.    

Нұрлан Жайлыбаев, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

- Көлік, жер және көлік салықтары бойынша берешегі бар салық төлушілердің саны 30 мыңға жуық. Бүгінгі таңда жаңағы ең жоғарғы берешегі бар салық төлеушінің салығы 6 миллионнан асып жығылады. Қазіргі таңда сол салық төлеушілермен жұмыстанудамыз. Егер автокөлігі тоқтатылған жағдайда айыппұл тұрағына салығын өтегенше төлетеміз.