Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Тәуелсіздік мерекесіне орай Түркістан облысының Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Арыс ауылдық округіне қарасты Қожа-қорған елдімекенінде бой көтерген нысанның құрылысы 2020 жылы басталған. Жобалық құны 127 млн теңге. Жаңа нысан жергілікті бюджет есебінен салынып, бүгінгі заман талабына сай жасақталған. Мұнда әкімдік қызметкерлеріне арналған бөлмелер, 90 орындық конференция залы, мұрағат бөлмесі қарастырылған. Ауылдық окрігте 11 мыңнан астам халық тұрады.  

Бахром Момиржанов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі таңда жұмыстар толығымен аяқталып, ауыл әкмшілігіне пайдалануға берілді. Біздегі тағы екі ауыл әкімшілігінде осындай апатты жағдайдағы ғимараттар болып, сол екеуінің орнына қазір біз жоба әзілеп жатырмыз. Келесі жылға жобалық сметалық құжаттары дайын болғаннан кейін оларды іске асыруға ұсынылатын болады.