ШҚО-да бір жыл бұрын ғана жаңа пәтерге кірген көпбалалы отбасылардан маза кетті

Баспананың қабырғаларына сызат түсіп, еденнен суық үрлеп тұр.  Белгілі болғандай  «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйдің құрылысы сапасыз жүргізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан жергілікті әкімдік  сот арқылы мердігер компанияны  қайта жөндеу жасауға міндеттеді.  Енді келер жылдың мамыр айына дейін барлық-кем кетіктер жойылу керек,.

Сағыныш Солтанбековаға  пәтер өткен қыста берілген. Содан бері шұрық-тесігін бітеумен жүр. Бір жерін жөндесе, екінші жері шығады. Қабырғалар жарылып,қайта-қайта көгеріп жатыр.Еденінен жер үрлейтіні тағы бар.Үкімет  көпбалалы аналар үшін осындай кең, жарық үй салыңдар деп жағдай жасап отыр. Ал мердігер компаниялардың жауапсыздығы сол қамқорлықты «жуып-шайып», аяқ асты етті,- деп ашынады Сағыныш.

Сағыныш Солтанбекова,  Зайсан қаласының тұрғыны:

- Бірақ енді сол мемлекеттің бөлген дүниесін дұрыс пайдаланбаған сол мердігерлер, мердігерлердің арқасында Үкімет жаман болып отыр. Ең бастысы сол стена,төбе,полы ғой.Басқа жерін бәрін көпбалалы ана болсын, кім болсын өз үйіміз болғаннан кейін біртіндеп,ақырындап өзіміз реттеп жөндеп алар едік.

Сағыныштың көршісі Әсемгүлде де осыған ұқсас жағдай. Кешке дейін көгерген жерді тазалап,  терезеден сорғалаған суды сүртумен уақыты өтеді. Айтуынша, бар гәп төбенің жұқалығында.

Әсемгүл Емелбаева, Зайсан қаласының тұрғыны:

- Төбесі өте жұқа. Мердігер шыдай тұрыңыздар,   материалдардың барлығын әкеп істеп береміз деп отыр.

Істеп бермеске шара жоқ,мердігер компанияда.Өйткені тұрғындардың наразылығынан соң, жергілікті әкімдік құрылысқа жауапты мекемеге қатысты сотқа арыз түсірді.

Данияр Серіков, Зайсан ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта сот процесі  жүргізілуде,бүгінгі таңда мердігер компания осы ақауларды жөндеу жұмыстарын бастады,18.06 Негізі келес жылдың  мамырына дейін белгіленген мерзімдері,осы белгіленген мерзімге дейін жауапкершілікті өзіне алып отыр.

Сонымен  «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен сапасыз салынған отыздан астам үйге қазірден бастап ұсақ-түйек жөндеу  жұмыстары басталды. Ал күн жылына сала, төбе,еден сынды күрделі тұстары жөнделеді. Жергілікті әкімдік жұмысты қатаң бақылауда ұстаймыз деп отыр.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов