Жаңа жыл қарсаңында Семей көшелеріне мультфильм кейіпкерлерінің мүсіндері қойыла бастады

Жаңа жыл қарсаңында Семей көшелеріне мультфильм кейіпкерлерінің мүсіндері қойыла бастады

Қала әкімдігінің хабарлауынша, шағын сәулет нысандарын сатып алуға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Астана қаласының әкімдігі жалпы саны 36 дана ескерткішті сыйға тартыпты. Қазір соның 14-і шаһардың әр аумағына орнатылып жатыр. Қалған 22 этно стилдегі мүсіндер мен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері Наурыз мерекесі қарсаңында қойылмақ.

Мәдина Қоңырова, қала тұрғыны:

- Абай облысы болғалы бері қаламыз көркейіп келе жатыр. Теледидардан көріп жүретін кейіпкерлеріміздің мүсіндерінің орнатылып жатқанына қуаныштымыз. Балалар фотоға түсіп, мәз.