Моноқалалардағы тұрғын үй қорын ұлғайту керек

Моноқалалардағы тұрғын үй қорын ұлғайтып, инженерлік инфрақұрылымды жөндеуге бөлінетін қаржыны көбейту керек.

Бұл мәселе ел Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында көтерілді. Жиынға қатысушылар моноқалаларды дамыту жоспарын қарастырды. Алдағы уақытта инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде 27 моноқала бар. Мұнда 32 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 29 процентке жетті.  Сондай-ақ бұл кенттерде құны 2,1 триллион теңгегенің жобалары жүзеге асырылды.