Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға жаңажылдық шара ұйымдастырылды

Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға жаңажылдық шара ұйымдастырылды

Атырауда мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа жылдық мерекелік шараға қатысты.

Қайырымдылық кешке №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Бесікті орта мектеп-интернаты мен облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінен 200-ге жуық бүлдіршін жиналды. Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ іс-шараға танымал өнерпаздар да қатысып, балалармен бірге ән шырқады. Тәлімгер-тәрбиешілер де алғыс хаттармен марапатталды.

Әсел Жалмұханова, ұйымдастырушы:

-Бүгін біз балаларымызға ерекше көрініс, ойындар және сыйлықтар дайындағанбыз. Сонымен бірге осы балалрдың жанында жүрген тәрбиешілер, ұстаздары, ата-аналары және интернат басшыларына бөлек алғыс хаттар мен сыйлықтар дайынбағанбыз. Негізінде осындай шаралар жиі өтіп, жалғасын таба берсін дегіміз келеді.