Түркістандағы Күлтөбе қалашығының орыны археологиялық саябаққа айналады

Түркістандағы ежелгі Күлтөбе қалашығының орны археологиялық саябаққа айналады.

Ашық аспан астындағы музейде қазақ тарихындағы руханият пен қала мәдениеті дәріптеледі. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін туристерге цифрлық технологияның көмегімен өткен дәуірге саяхат жасауға мүмкіндік тумақ.

Қыш құмыралар мен зергерлік бұйымдар және орта ғасырға тиесілі құнды жәдігерлер. Күлтөбе қалашығының орнында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар дәл осындай олжаға кенелді. Барлық жәдігерлер ашық аспан астындағы музейге қойылады. Тарихи маңызға ие қалашық келер жылы пайдалануға берілек. Қазір құрылыс жұмыстары қызып жатыр. 

Алтай Ахманов, құрылыс компаниясы филиалының директоры:

- Мониторлар осында орналастырылады. Мұндағы экраннан Күлтөбенің пайда болу тарихын танып білуге болады. Қалашықтағы үш күмбездің көлемі 60 мың шыршы метрді құрайды. Ал төртінші күмбездің өзі 45 мың шаршы метрды қамтиды. Биіктігі 17 метр.

Архологиялық саябақты құру жұмыстарына қазынадан 6,5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. 27 гектар аумаққа бірнеше музей, кітапхана, рухани-мәдени орталықтар салынады. Сондай-ақ жоспар бойынша аумақты ботаникалық баққа айналдыру көзделген. 

Қуатбек Оңғаров, энергетика басқармасының бөлім басшысы:

- Арнайы комиссия құрылып, жылдың басында көктем айында ЮНЕСКО-ның өкілдері шақыртылып, келісімі алынған. Соған сәйкес құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Ашық аспан астындағы музей Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағына орналасқан. Сондықтан салаға жауаптылар бұл жоба арқылы туристерді көптеп тартуға болатынын айтады.

Дархан Асанхан, туризм басқармасының бөлім басшысы:

- 2022 жылдың 9 айындағы есеп бойынша біздің облысқа 200 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Өздеріңізге белгілі 2020-21 жылдары пандемияға байланысты түрлі шектеу шаралары жүргізілді. Сондықтан шетелдік келушілер саны мүлде азайып кеткен еді. Биыл олардың саны алты мыңға жуықтады.

Алайда мамандардың айтуынша, шетелдік туристер тарихи-археологиялық саяхат түріне аса қызығушылық танытпайды. Статистика бойынша оңтүстік өлкеге келушілердің дені экологиялық саяхат пен емдік-сауықтыру орындарын таңдаған. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Рауль Ғабитов, Ерболат Әбіш