Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандардың жаттығуына мүмкіндік жасалды

Қарағандыдағы жеңіл атлетика манежінде енді мүмкіндігі шектеулі жандар да еш кедергісіз жаттыға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда мүгедектерге ыңғайлы етіп жөндеу жұмыстары жүргізілген. Спорт нысанының кіреберісіне пандус орнатылып, табалдырықтар алынып тасталды. Ал көзі нашар көретіндерге тактильді таспалар төселіп, бедерлі-нүктелі Брайль қарпінде ақпараттық тақтайшалар қойылған. Сондай-ақ жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер ыңғайлы етіп жабдықталды. Мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен алаңсыз жаттығып, халықаралық жарыстарда олжа салуына ықпал етеді, - дейді бапкерлер.

Сергей Безгачев, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы:

- Биылдың өзінде халықаралық 9 турнир өтеді. Оған қоса Қытай елінде Азия ойындары мен әлем чемпионаты жоспарланып отыр. Ал 2024 жылы Парижде Олимпиада ойындары болады. Сол байрақты бәсекелерде жақсы нәтиже көрсету үшін дайындықты қазірден бастап кеттік. Ол үшін бізге мол мүмкіндік жасалып отыр.