Жанар-жағармайды елден шығаруға тыйым салынады

Оны көлктің қай түрімен болса да тасымалдауға болмайды.

Тиісті бұйрықты Энергетика министрлігі әзірлеген. Бұл шектеу 4 айға созылады. Құжатқа сәйкес бензин, дизел отыны және бірқатар мұнай өнімін шетелге шығаруға тыйым салынады. Қазір министрліктің бұйырығы қоғам талқысына ұсынылды. Ол қаңтардың соңына дейін жүргізіледі. Бұған дейін Қазақстан жанар-жағармайды елден автокөлікпен шығаруға тыйым салуды жарты жылға ұзартқан болатын. Жуырда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне заңсыз тасымал жолдарына тосқауыл қоюды күшейтуді міндеттеді.