ЕАЭО: Сауда-саттықта кедергі болмайды

Мемлекеттік сатып алудағы теңдік, цифрландыру және банктік сақтандыру. Еуразиялық экономикалық комиссия осы мәселелерді талқылады.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, 7 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы тауар айналымында кедергінің 71 түрі болған. Соның 61-і жойылып, енді 9-ын оңтайлы шешу қарастырылып жатыр. Бұл үшін мемлекеттік сатып алу жүйесі цифрландырылады. Оған қоса банктердің сақтандыру жүйесі де қаралады. Соның нәтижесінде, одаққа мүше 5 елдің арасында қызмет көрсету, тауар алмасу сынды салалар тең құқықта жұмыс істейді. Былтыр Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасында өндірістік тауарлардың Еуразиялық тізбесі жасалды. Оған біздің елде өндірілетін өндірістік тауарлардың 191 түрі енгізілген. Бұлар: арматура, кеңсе жиһаздары, аккумулятор сынды отандық өнімдер.

Бақыт Сұлтанов, Еуразиялық экономикалық комиссиясы бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі:

- Әр мемлекет өзінің кәсіпкерлерін көмек беру, осындай сатып алу жағынан тек қана өзінің кәсіпкерлеріне сатып алғысы келген кезде бұл жағынан әрине басқа елдерге кедергілер табыла береді. Ол жағынан квалификациялық талап дейді, банктердің сақтандыруларын басқа да мәселелер бұл жағынан кедергі беріп отыр.