Қостанай облысындағы ауылдарда жолдар жөнделеді

Қостанай облысының елді мекендерінде 300 көшенің жолы жөнделеді.

Оның жартысына жуығы ауылдық жерлер. Жұмсалатын қаржы – 16 жарым миллиард тенге. Бұл қаражаттың бір бөлігі «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы арқылы бөлінеді. Қазіргі кезде мердігерлер анықталып жатыр. Ал Қостанайдың өз басында 68 көшенің жолын қалпына келтіру міндет. 

Олжас Нұргалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Биыл барлық бағдарлама бойынша автокөлік жолдарын жөндеуге 37 миллиард 300 миллион тенге бөлініп отыр. Жоспар бойынша жергілікті маңыздағы 461  шақырым және  261 шақырым көше жолдарын  қалпына келтіру көзделген. Оның басым бөлігіне асфальт төселеді. Кейбір жерлері қиыршық таспен тегістеледі.