Екібастұзда 8 қазандық агрегаты жөнделеді

Екібастұз жылу энергетикалық орталығындағы 10 қазандықтың сегізі биыл күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін «Павлодарэнерго» басшылығы ондағы жағдайдың жылыту маусымының соңына дейін оңалмайтынын айтқан еді. Бүгін Павлодар облысының әкімі энергокомпанияның бас директоры Вадим Лесиннің бұл мәлімдемесін жоққа шығарды. Асайын Байханов оның ұстанымымен келіспейтінін білдірді. Екібастұздың тұрғын  үйлерін  жылытуға бар күш-жігерін  жұмсайтынын айта келе, қаланы келесі жылыту маусымына дайындау ең өзекті мәселе  болатынын атап өтті.