Петропавлда болған оқиғаны арнайы комиссия тергеуге алды

Енді елдегі мектептерді кәсіби мамандар күзетеді. Білім ордалары, толық бейнебақылау камераларымен қамтылады.

Дегенмен, шалғай ауылдарда, білім ұяларының барлығы бірдей қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Петропавлдағы оқиғадан кейін өңірлердегі білім ошақтары қайта тексеріліп жатыр.

Бүгінде шалғай елді мекендердегі мектептердің 30 пайызын әлі күнге дейін күзетші немесе вахташы қарауылдайды. Дабыл батырмасы білім ошақтарының  87%-ында ғана бар. Үкімет басшысы елдегі барлық мектепте ревизия жүргізіп, әкімдіктерге лицензиясы бар күзет қызметімен келісім орнатуды тапсырды. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Бұл өте қауіпті жағдай. Халықтың арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауптің барын көріп отырмывз. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. 

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 24-б 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау излояторына қамалды. Заңды өкілі болып анасы анықталды. Күдіктінің психикалық денсаулығында проблемасы бар. 

Петропавл мектебіндегі жағдай арнайы комиссияның тергеуіне алынды. Қазір ондағы 25 білім беру мекемесінде арнайы күзет бар. 50 мектепке баланың кіріп-шыққанын бақылайтын скуд-карта орнату қажет. 

Назир Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Қала бойынша 100 млн тг бөлінген. Осы ақшаға толық мамандарндырылған күзетпен қамтамасыз етеміз. Біз осы қадам қадаммен осы сұрақтарды шешіп жатырмыз. Биыл осы сұрақтарды жабамыз. 

Ал Қостанай облысында 455 білім беру мекемесінің он бес пайызы дабыл жүйесімен қамтылмаған. 45 мектепті арнайы лицензиясы бар агенттіктің қызметкерлері күзетеді. Білім беру мекемелеріне мамандандырылған күзет қызметін тарту үшін жергілікті қазынадан 208 миллион теңге қарастырылады.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Амангелді, Қамысты, Әулиекөл ауданындағы білім беру мекемелерін Жедел басқару орталығына қосуға техникалық мүмкіндік жоқ. Оны баламалы негізде шешуді бұйырамын. Оптикалық талшықты кабель тартудың орнына құны он есе арзан тұратын радиокөпір орнатуды қарастырыңдар. Оның көмегімен де тәртіпті мейлінше қадағалауға мүмкіндік бар.

Ал Петропавл мектебінде  зардап шеккен балалардың емі денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында болады. Сондай-ақ барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары өткізіледі. Тиісті тапсырма еліміздің ІІМ-не жүктелді. Оқушылар шұғыл жағдайда әрекет ету ережелерін білуі тиіс.