Жамбыл облысында газдандыру көрсеткіші 89%-ке жетті

Жамбыл облысында тұрғындар саны 120 мыңнан асатын 97 елді мекенге газ тартылмаған. Бұл туралы Сенат тыңдауында өңір басшысы Нұржан Нұржігітов онлайн-байланыс арқылы айтты.

Түйткілді шешу үшін көгілдір отынды жеткізуге арналған 4 бірдей жобаны жүзеге асыру керек. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қосымша 10 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу қажет. Облыстағы газдандыру көрсеткіші шамамен 89%-ке жетті. Әкім ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру саласына да тоқталды. Жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жобаларды қолдауды сұрады. Кейінгі 4 жылда 24 ауылдық округке 18 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 4 мыңнан астам отбасыға өз кәсібін дөңгелету үшін 2,5% көлемінде жеңілдетілген несие берілді.