Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлердің интерактивті картасы жасалды

Соңғы 1-2 жылда мемлекет пайдасына қайтарылған жерлердің интерактивті картасы жасалды. Бұл туралы бүгін ауыл шараушылығы министрлігі өкілдерімен болған брифингте айтылды.

Интерактивті карта ұзақ уақыт пайдаланылмаған ауыл шаруашылық алқаптарын тез айналымға енгізуге, халықты жер учаскелерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ғарыштан жүргізілген зерттеу нәтижесінде елімізде 13 млн гектарға жуық алқап игерусіз қалғаны анықталды. Былтыр сондай иесіз қалған 5 миллион 200 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Ол қай өңірде, қандай учаске екендігін интерактивті картадан көруге болады. Бұл туралы бүгін брифингте Ауыл шараушылығы вице-министрі Бағылан Бекбауов мәлімдеді. "Жаңа ақпараттық жүйе ветеринарларды қағазбастылықтан босатады. Және төрт түлік санын, қашан, қандай ем қабылдағандығын нақты бақылауға мүмкіендік береді. Қазіргі кезде ветеринарлар шалғай ауылдардан деректерді жинап, оны ақпараттық базаға енгізгенше, кемі 2-3 күн жоғалтады. Осыдан бұрмалаушылық, сәйкессіздік туындап жатады. Ал мобилді қосымшамен ондай жансақтық болмайды", - дейді министрлік өкілдері. Агроөнеркәсптік кешенді цифрландыру бағдарламасы аясында пилоттық жоба Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында қолға алынды.

Бағлан Бекбауов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Қазіргі таңла осы интерактивті картаға байланысты қарайтын болсақ, осы алдыңғы жылы қайтарылған жерлердің 2 миллионға жуығы игерілуге берілді. Сондықтан қазіргі таңда, осы жерлер бос жатқан қандай көлемде екендігін барлығын айқын шығаратын интерактивті порталды іске қосып, ол жұмыс істеп отыр.