Таразда 5 сәбиге күрделі операция жасалды

Таразда туа бітті жүрек ақауы бар 5 сәбиге күрделі операция  жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 1 балаға сирек кездесетін өкпе тамырлары қосылуының ішінара аномалиясы диагнозы қойылған екен. Бұл аурумен әлемде 54 жағдай тіркелген. Сондықтан күрделі операцияға белорусьтік кардиохирургтер де қатысты. 4 сағатқа созылған, мемлекеттік портал есебінен төленген операция аймақта алғаш рет жасалды. Мамандар мұндай ота құны өзге елдерде 15-20 мың доллар көлемінде дейді. Жамбыл облысында жылына жүрек ақауы бар 300-ден аса сәби дүниеге келеді. Оның 30%-інің жағдайы ауыр болады.

Жалил Шейшенов, кардиохирург:

- Баланы аман алып қалу үшін өзінің жұмысын білген осындай операция істеген мамандармен хабарласып, бірге істейміз. Себебі бұл баланы біз жібергенбіз, Астана, Алматыға ол жақта бас тарту келген. Біз өзіміз бақылап, туғаннан бері қарап жатырмыз. Болып жатқан операция баланың тағдырын шешеді. Жақсы жағынан деп әрекеттеніп, үміттеніп отырмыз.