Ертіс өңірінің сарбаздары Алғыс айту күнін атап өтті

Ертіс өңірінің әскери бөлімдері Алғыс айту күнін атап өтуді игі дәстүрге айналдырған. Жас сарбаздар мен әскери қызметшілер бір-біріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – Отан алдындағы борышын өтеп жатқан азаматтар арасындағы сыйластық, достық қарым-қатынасты нығайту. Сарбаздардың айтуынша, бұл мерекенің тәрбиелік мәні зор. Осы күні олар ата-анасы мен туыстарына хабарласып, көктем мерекесімен құттықтайды. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері де ән мен биден шашу шашты. Аналар ұйымының мүшелері жастарға ақ батасын арнап, әскери қызметке адал болуға үндеді. 

Ислам Өтеген, 6679 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Өздеріңіз білесіздер, көпұлтты мемлекет болғандықтан, сарбаздардың арасында басқа ұлт өкілдері де бар. Солардың арасында бір-біріне рақмет айтып, құшақтасып, амандасып. Қазақта бар, ол – жақсы дүние. Әскери қызметшілердің арасындағы тығыз қарым-қатынас, құрметі арта түседі.

Айдын Әбіләшімов, қатардағы жауынгер:

- Алғыс айту күні әрбір сарбаз үшін өте маңызды деп ойлаймын. Оның астарында үлкен тәлім-тәрбие жатыр. Сарбадардың арасындағы үлкен бір сыйластық және де бұл сарбаздар үшін ғана емес, қазақстандықтар үшін маңызды. Бір шаңырақ астында сыйластық, береке жатыр.