Қызылжарлық волонтерлер «Жылы жүрек» игі акциясын бастады

Қызылжарлық жастар қысы-жазы бел жазбай еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай, бауырсақ пен түрлі тәтті таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Волонтерлер Алғыс айту күніне орай «Жылы жүрек» деп аталатын игі акцияны бастап кетті. Ыстық-суыққа, тіпті дауылға да қарамай, жұмыстарын жастайтын жандар мұз ойып, қар шығарады. Ал жазда санитарлық тазалыққа жауапты. Сондықтан олар қашанда құрметке лайық, - дейді жастар. Дәмнен ауыз тиген жандар да волонтерлерге алғыс айтып, ризашылық білдірді. Қазіргі уақытта қала көшелерін тазалауға күніне 120-дан астам адам шығады.  

Анель Ысмағұлова, волонтер:

- Олардың жұмыстары оңай емес. Олардың жүмыстары қиын. Біз күндіз, мысалы, оқуда жүрсек, түнде ұйқтасақ, олар осы түнде еңбек етіп, өздерінің қызметтерін атқарып отырады. Еңбектері көп бағалана бермейді. Волонтерлар бәрін өзіміз пісіріп әкелдік. 3-4 қорап әкелдік. Соны барлығын тарататын боламыз.