Көкшетауда Алғыс айту күніне облыстық форум ұйымдастырылды

Көкшетауда Алғыс айту күніне орай облыстық форум ұйымдастырылды.

Шара барысында аймақтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Оның ішінде жеке кәсіпкерлердің үлесі басым. Себебі бизнес өкілдерінің бастамасымен соңғы бір жыл ішінде екі мыңға жуық жоба жүзеге асқан. 11 әлеуметтік нысан салынып, 17 ғимарат қайта қалыпқа келтірілген. Бұдан бөлек, форумда медицина саласының мамандарына, тәртіп сақшылары мен құтқарушыларға да ерекше құрмет көрсетілді. Өңір басшылығы сала мамандарына халықтың алғысын жеткізді. Ал,  аймақтағы этносаралық келісімді дамытуға зор ықпал еткен жандарға арнайы "Алғыс" медалі табысталды.

Магамет Сукалов, Целиноград аудандық «Достық» орталығының директоры:

- Мен жетім қалғанда жетімсіздікті білдіртпей бауырларына алды. Тамаққа жиналғанда кемпір шал мені жанына отырғызатын. Оның 5-6 баласы болатын. Үлкен семья ғой. Өз балаларын әрірек отырғызатын. Ал мен бауырларында отыратынмын. Тамақ берсе де маған бірінші беретін. «Айналайын» деп үнемі айтатын. Мен басқа сөз естімедім.

Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста емді қажет ететін балалар үшін төрт мыңнан астам қайырымдылық шаралары мен акциялар өткізілген болатын. 20 мың адамды қамти отырып көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға  600 миллион теңгеден астам соммаға  материалдық көмек көрсетілді.