Ақтөбеде су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Тасқынға тосқын болатын «Көктем 2023» оқу -жаттығу жиыны елдің әр өңірінде өтті. Шараға тек Ақтөбенің өзінде жүздеген арнайы техника мен мамандар қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар мен әскерилер, еріктілер, түрлі мекеме қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, дайындықты пысықтады. Белгілі болғандай, жағдай күрт ушықса, арнайы департамент пен өзге де жауапты органдар қолда бар мүмкіндікті пайдаланбақ. Ал әзірге өңір бойынша су басу қаупі жоғары 28 аумақ бар. Оның 12-сі Ақтөбеде. Сондықтан облыс орталығынан қар шығаруға жауапты мердігер мекемелер күні-түні жұмыс істеп жатыр. Тек жыл басынан бері қаладан 164 мың текше метр қар шығарылған.

Саид Молдақараев, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

- Практикалық іс-шаралар бізде өзен-көлдерді тазалау, одан бөлек, бүгінгі таңда мектептер, ауруханалар, емханалар, ХҚКО, үлкен сауда үйлері, солардың айналасын тазалау жұмыстары жүргізіліп, қарлары шығарылатын болады.