Елде алаяқтардың 8 млн қоңырауы бұғатталды

Жыл басынан бері елде алаяқтардың 8 млн қоңырауы бұғатталды.

Күмәнді абоненттерді "Антифрод" жүйесі жойған. Ол елде тіркелмеген немесе ауыстырылған абоненттік нөмірлерден түскен қоңырауларға қарсы жұмыс істейді. Ал қауіпсіз нөмірлерді арнайы біріңғай жүйе арқылы ажырата алады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 1500-ге жуық киберқылмыс тіркелді. Байланыс операторлары енді күмәнді қоңырауларды толығымен жою үшін арнайы алгоритмдерді жетілдіруде.