Елдегі теміржолдарда мыңнан аса төтенше жағдай тіркелді

Елдегі теміржолдарда мыңнан аса төтенше жағдай тіркелді.

Оның 9-ы ауыр соққы болған апатты оқиға. Бұл былтыр тіркелген дерек. Салдарынан 1 адам қаза тапты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Теміржол қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері де жиі тіркеледі. Соңғы үш жылда арнайы комиссия ережені бұзған 33 жағдайды анықтады. Нәтижесінде 300 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 13-і басшылық қызметте.